Қысқы

Спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионатында Айдова 8 орынға жайғасты

Спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионатында Айдова 8 орынға жайғасты
news-banner7
mobile-news-top

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kzсайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Екатерина Айдова бірінші жарыс күнінен соң сегізінші орында тұр. Жарыс барысында спортшылар 500 және 1000 метр қашықтықты екі мәрте жүгіріп өтуі тиіс. Бірінші жарыс күнінде Айдова 500 метрді 8-ші орында, 1000 метрді 7-ші орында аяқтады. Әзірге, ол көш басындағы спортшыдан 0.95 секундқа қалып, сегізінші орында келеді.

Ерлер арасындағы жарыста Александр Кленво 24-ші орын алды. Соңғы жарыс күні бүгін Астана уақытымен сағат 20.00-де өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер