Қысқы

Қазақстандық биатлоншылар Еуропа ашық чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстандық биатлоншылар Еуропа ашық чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Беларусь елінде өткен биатлоннан Еуропаның ашық чемпионатын қазақстандық спортшылар төменгі нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы спринтерлік жарысқа Қазақстан атынан Надежда Пиоварова қатысып, мәреге 84-ші болып келді. Ол көш басындағы спортшыдан 5 минут 38.7 секундқа ұтылды.

Евгения Красикова денсаулық жағдайына байланысты жарысқа қатысқан жоқ.

Спринттен ерлер арасындағы бәсекеге Данил Белецкий, Сергей Сирик, Дмитрий Колесников және Александр Мухин қатысқан болатын. Өкінішке қарай, Қазақстан спортшылары айтарлықтай жақсы нәтиже көрсеткен жоқ.

Данил Белецкий 87-ші, Александр Мухин 98-ші, Сергей Сирик 101-ші, Дмитрий Колесников 104-ші сатыға табан тіреді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының бірде-бір спортшысы із кесушілер жарысына қатыса алмай, қарт құрлық додасын аяқтады.

Биатлоннан Қазақстан командасы 1-2 наурыз күндері Эстонияда өтетін IBU кубогыныңжетінші кезеңіне қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер