Қысқы

Бадминтоннан әлем кубогы: Қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

news-banner7
mobile-news-top

21-24 ақпан аралығында Уганданың Кампала қаласында бадминтоннан әлем кубогы кезеңі өтуде. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр.

Ұлттық құрама сапынан Угандадағы кубоктік жарыста Артур Ниязов, Дамитрий Панарин және Хайтмұрат Құлматов бақ сынаған болатын. Жекелей сында үш спортшымыз да жеңіліске ұшырады.

Ниязов пен Құлматов Уганда спортшыларына есе жіберсе, Панарин үндістандық қарсыласынан ұтылды.

Ал жұптық сайыста спортшыларымыз алғашқы қарсыластарынан басым түсті. Панарин мен Ниязов жұбы угандалықтардан басым түсті.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер