русский язык

Сочи -2014. 19-шы ақпан күніндегі отандастарымыздың нәтижелері

Сочи -2014. 19-шы ақпан күніндегі отандастарымыздың нәтижелері
Сочи Олимпиадасын 19-шы ақпан күні қазақстандық спортшылар жарыстың төрт түрінен сайысқа түсті.  
 
Қазақстандық сноубордшы Валерия Цой параллельді гиганттық слалом бәсекесінде 1 минут 4,57 секунд нәтижесімен іріктеу кезеңнен өте алмады. 
 
Шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы командалық спринт бәсекеде Елена Коломина мен Анастасия Слонова жарыс жолына шықты. Жартылай финалда жерлестеріміз 9-шы орынмен финалға шыға алмады.
 
Ал ерлер арасындағы командалық спринт бәсекеде Николай Чеботько мен Алексей Полторанин ел намысын қорғады. Қос қазақстандық дуэт финалға жолдама алғанымен, ақтық сында тек 8-ші нәтиже көрсетті. 
 
Биатлоннан аралас эстафеталық сайыста Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Сергей Наумик және Антон Пантов бәсекеге түсті. Өкінішке қарай, қазақстандық квартет бәсекені 15-ші орында аяқтады.  
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;