Ауыр атлетика

Надежда үмітті өшірді

Надежда үмітті өшірді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ауыр атлетика басына тағы да қара бұлт үйірілді. Бұл жолы Ресейден елімізге қоныс аударған, қазақ паспортын иемденген Надежда Лихачева допинг қолданғаны үшін 4 жылға шеттетілді.

Онсызда еліміздің ауыр атлетикасында мұндай жағдайлар жиілеп кеткеніне қарамастан, баяғы жартастың үстін қайта бастық. Жалпы біздің федерация Ресейден атлеттерді алдырғанда бірқатар сарапшылар мен мамандар қарсы болған еді. Міне, енді қыруар қаржы құртып, алыстан ат терлетіп алдырған атлетіміз үмітімізді ақтамады. Қайдағы үміт, қайдағы "надежда"?

Надеджа Лихачева 2018 жылы Қазақстан атынан тұңғыш рет Ашхабадта өткен әлем чемпионатына қатысып, қола медаль иемденген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер