русский язык

Сочи – 2014. Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте финалға шыға алмады

Сочи – 2014. Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте финалға шыға алмады

Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан командалық спринтте қазақстандық Елена Коломина мен Анастасия Слонова финалға шыға алмады.

Қазақстандық шаңғышылар  қашықтықты 17 минут 49,66 секундта өтіп, жартылай финалық бәсекеде өз тобында 9 команданың ішінен соңғы орын алды.  

Әйелдер арасындағы командалық спринттің финалында Норвегия құрамасы алтыннан алқа тақты, Финляндия құрамасы күміс медаль иеленсе, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;