русский язык
Футбол

Юрий Красножан: «Қазақстан құрамасының бапкері атанғаныма өкінбеймін»

Юрий Красножан: «Қазақстан құрамасының бапкері атанғаныма өкінбеймін»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан «Спорт-Экспресс» тілшісіне Қазақстанға келгеніне өкінбейтінін жеткізіп Белек қаласындағы жұмыс барысы туралы баяндады.

- Қазақстан құрамасының бас бапкері атануыңыз таңғаларлық жағдай болды. Мұндай шешімге қалай келдіңіз?

- Қазақстан футбол Федерациясымен біз бұрыннан достық қарым-қатынастамыз. Бұл жерде кәсіби қызығушылықтан бөлек адами қарым-қатынас та маңызды рөл ойнады. Оған қоса, Қазақстандағы балалар футболының даму жүйесі мені қызықтырды. Жалпы Қазақстан құрасмасын басқару туралы шешімімді логикалық тұрғыдан дұрыс деп санаймын.

- Жұмысқа білкек сыбана кірісіпсіз, үлкен жоспарларыңыз бар сияқты...

- Мақсаттарды кейінірек айқындаймыз. Қазіргі таңдағы басты нәрсе - футболшылармен жақынырақ танысып, тіл табысу.

- Ал Белекте нақты немен айналысасыз?

- Қазақстандық командалардың көбісі осы жақта ОЖЖ өткізеді. Талай матчтарды тамашаладым, тек «Актөбе», «Астана», «Шахтер» мен «Қайраттың» жаттығу жұмыстарын көру қалды.

- Ресейден жұмыс табылмағанына өкінбейсіз бе?

- Жоқ. Мен үшін қазіргі қызметім аса маңызды. Не үшін өкінуім керек?! 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;