ММА

Макгрегор Серронемен жекпе-жек өткізуге келісті

Макгрегор Серронемен жекпе-жек өткізуге келісті
news-banner7
mobile-news-top

Ирландиялық ережесіз жекпе-жек шебері Конор Макгрегор UFC ұйымның рекордсмені Дональд Серронемен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

35 жастағы америкалық спортшы Серроне UFC аясында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Осы аралықта ол 22 рет жеңіске жетіп (UFC рекорды), сегіз мәрте жеңілген.

Соңғы жекпе-жегін 19 қаңтарда Бруклинде өткен UFC Fight Night турнирі аясында Александр Эрнандеске қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ал 30 жастағы Макгрегор өткен жылы 6 қазанда UFC 229 турнирінде Хабиб Нурмагомедовпен кездесіп, жеңіліске ұшырады. Ирландиялық MMA спортында 25 жекпе-жек өткізіп, 21 рет жеңіске жеткен. Өзге төрт кездесуде жеңілген.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер