«Ақтөбенің» спорт директоры: Аделейенің алдындағы қарызды толық өтедік

news-banner7
mobile-news-top

ФИФА-ның кеңсесінен Қазақстан футбол Федерациясына ФИФА-ның ережелерін бұзғаны үшін, футболшы Айоделе Аделейеге қарыз болуы себепті біздің клубтан 6 ұпайды алып тастау санкциясын қолдану туралы хат келді. Бұл жағдайға «Ақтөбенің» спорт директоры Игорь Кистер пікір білдірді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

- Әу баста, 2016 жылы Аделейемен арадағы еңбек шарты үзілгенде клуб оның жалақысын және өтемақысын төлемеген. Футболшы осыған дейін бұрынғы басшыларға бірнеше рет хабарласқанымен, оған ешкім құлақ аспаған. Сол себепті Аделейе ФИФА-ға құжатын өткізіп қойған. Алдағы уақытта санкция болуы мүмкін деген алғашқы хабарлама ФИФА-дан 2017 жылдың наурыз айында келген, бірақ бір жыл бойы еш нәрсе қаралмаған. 2018 жылдың шілде айында санкция салынатындығы туралы тағы да ескерту келді. Қараша айында бізге футболшының қарызын толық өтеу үшін 30 күн берілді.

2018 жылдың қарашасында «Ақтөбе» басқа да көптеген ойыншылардың қарыздарын төлегені үшін, төленбесе ол қарыздар себепті тағы да санкциялар болуы мүмкін еді және толықтай қаржыландыру болмауы себепті Айоделе Аделейнің қарызын толықтай қайтара алмады – осыған байланысты 6 ұпай автоматты түрде алынып тасталды.

Аделейенің қарызын тек 2019 жылдың қаңтар айында толықтай өтеп болдық.

Клуб ФИФА-ға өтінішхат жолдап, ұпайды қайтарып беруін сұрайды, себебі қазіргі уақытта «Ақтөбе» Айоделе Аделейенің алдындағы қарызын толықтай төлеп қойды.

Түпнұсқасы: «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер