«Астана» Ротариуді жалға алған

«Астана» Ротариуді жалға алған
news-banner7
mobile-news-top

Румыниялық gsp.ro басылымы «Астанаға» 23 жастағы вингер Дорин Ротариудің трансферлік шарты жайында жазды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бельгиялық «Брюгге» өз ойыншысын «Астанаға» алты айға жалға берген. Кейін елордалық клуб Ротариуді сатып алуға құқылы. Доринге қазір ойын тәжірибесін бере алатын команда керек. Себебі ол «Брюггеде» де, голландиялық «АЗ Алкмарда» да алаңға көп шыққан жоқ.

«Астанадан» бөлек ойыншыға германиялық «Арминия», румыниялық «Стяуа» мен «Ркайова» қызыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер