Қысқы

Солт-Лейк-Сити қаласында биатлоннан әлем кубогының сегізінші кезеңі аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында биатлоннан әлем кубогының сегізінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде биатлоншылар эстафетадан үздік команданы анықтады деп жазады Olympic.kz.

Елизавета Бельченко мен Тимур Куц жұбы 19-шы орын иеленді. Олар мәреге 40 минут 2 секундта келді. Бұл сында Италия алтын, Австрия күміс, Франция қола медаль иеленді.

Аралас эстафетада Владислав Витенко, Роман Еремин, Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатовалар сынға түскен болатын. Олар 18-шы сатыға табан тіреді. Франция алтын иеленсе, Германия мен Норвегия тиісінше күміс пен қоланы еншіледі.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер