Сочи – 2014. 18-ші ақпан күніндегі жерлестеріміздің нәтижелері
![Сочи – 2014. 18-ші ақпан күніндегі жерлестеріміздің нәтижелері](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1392757197_762059351.jpg?v=28701982)
Сочи Олимпиадасында 18-ші ақпан күні қазақстандық спортшылар жарыстың үш түрінен – конькимиен жүгіруден жәйне әйелдер мен ерлер арасында шорт-тректен бәсекеге түсті.
«Адлер-арена» мұз айдынында ерлер арасында конькимен жүгіруден 10000 метрлік сайыста жалғыз жерлесіміз Дмитрий Бабенко бәсекені 12-ші орында аяқтады.
Шорт-тректен қазақстандық спортшы Инна Симонова 1 минута 32,599 секунд көрсеткішпен финалдық кезеңге шықпады. Сондай-ақ, ерлер арасында екі отандасымыз Айдар Бекжанов пен Нұрберген Жұмағазиев әлсіз нәтиже көрсетіп, іріктеу кезеңнен өте алмады.