Қысқы

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан биатлоннан әлем кбогінің сегізінші кезеңінде із кесушілер жарысы аяқталды. Бұл сынға Қазақстан атынан жалғыз өзі жолдама алған Роман Еремин өз көрсеткішін жақсарта алған жоқ , деп xабарлайды Prosports.kz cайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еремин ату алаңында 8 рет мүлт кетіп, 37 минут 45.5 секундта мәре сызығын кесті. Осылайша, қазақстандық спортшы 48-ші орынға тұрақтады.

Із кесушілер сынында франциялық Кантен Фийон Майе жеңімпаз атанса, норвегиялық Ветле-Сьястада Кристиансен күміс медаль иеленді. Қола медаль тағы бір франциялық биатлоншы Симон Дестьёнің еншісіеде.

Бүгін әлем кубогі аясында аралас эстафета бәсекесі өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер