Қысқы

Жанбота Алдабергенова Мәскеудегі әлем кубогы кезеңінде алғашқы ондыққа енді

Жанбота Алдабергенова Мәскеудегі әлем кубогы кезеңінде алғашқы ондыққа енді
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеуде шаңғы акробатикасынан әлем кубогы кезеңі аяқталып, Жанбота Алдабергенова үздік ондыққа енді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Тәжірибелі қазақстандық спортшы 66.78 ұпай жинап, қорытынды есепте тоғызыншы орынға табан тіреді. Ол сегізінші орын иеленген америкалық Эшли Колдвелмен бірдей ұпай жинағанын айта кету керек.

Тағы бір қазақстандық спортшы Ақмаржан Қалмұрзаева 51.03 ұпаймен 11-ші орынға тұрақтады.

Мәскеудегі әлем кубогы кезеңінде белоруссиялық Александра Романовская топ жарды. Ол жақында Парк-Ситиде өткен әлем чемпионатында да көш бастаған еді. Екінші орында австралиялық Лаура Пил, үшінші орында қытайлық Менгтао Ксю.

Ерлер арасындағы бәсекеде Бағлан Іңкәрбек 27-ші орыннан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер