Бокс

Ербосынұлы Лондонға ұшып кетті

Ербосынұлы Лондонға ұшып кетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін Лондонға ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz боксшының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Айдос наурызда жекпе-жек өткізбек. Сол кездесуде ол WBO Global, WBC Asia, сондай-ақ, WBA аймақтық белдігін сарапқа салады. Бірақ жекпе-жегінің нақты қай күні өтетіні және қарсыласының кім болатыны әлі хабарланған жоқ.

Ербосынұлы өзінің соңғы жекпе-жегінде бельгиялық Илиас Ачергуиді жеңіп, WBO Global титулын иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер