Басқа

«Avangar» халықаралық турнирдегі алғашқы жеңісіне жетті

«Avangar» халықаралық турнирдегі алғашқы жеңісіне жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық «Avangar» киберспорт командасы Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойынынан Katowice Major халықаралық турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жүлде қоры 1 миллион долларды құраған турнирдің алғашқы кездесуінде «Avangar» австралиялық «Renegades» командасынан 8:16 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ал екінші ойында 16:14 есебімен бразилиялық «FURIA eSports» командасын ұтты. 1,33 ұпай жинаған «Avangar-дың» ойыншысы Бектияр fitch Бақытов кездесудің үздігі атанды.

Халықаралық жарыс Польшаның Катовице қаласында өтіп жатыр. «Avangar» командасынан бөлек байрақты бәсекеде екі қазақстандық киберспортшы бақ сынап жатыр. Атап айтқанда, Дәурен Adren Қыстаубаев (FaZe Clan) пен Абай Hobbit Қасенов (HellRaisers).

Айта кетсек, 2017 жылы дәл осы турнирде «Gambit» командасы топ жарған еді. Құрамында үш қазақстандық киберспортшы өнер көрсеткен команда қарсылас шақ келтірмеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер