Теннис

Кирилл Герасименко: Үздік теннисшілермен бірге ойнау бақыты кез-келгенге бұйыра бермейді

Кирилл Герасименко: Үздік теннисшілермен бірге ойнау бақыты кез-келгенге бұйыра бермейді
news-banner7
mobile-news-top

Неміс бундеслигасының командасына ауысқан үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Кирилл Герасименко өз ойымен бөлісті.

«Бундеслига клубымен келісішартқа отырғаным рас. Германиядағы ең мықты лига қалыптасқанын айтқым келеді. Мұндағы маусым тоғыз айға созылады. Мен үшін керемет мүмкіндік. Үздіктермен, мықты ойыншылармен бірге ойнау бақыты кез-келгенге бұйыра бермейді. Бундеслигада ең үздік теннисшілер жиналған. Келісімшарт талаптары туралы ештеңе айта алмаймын. Бір білерім, маған енді 110 пайыз еңбектену керек. Жетістікке жету үшін командадағы орныңды нығайтып, шеберлігіңді арттыру қажет. Өз кезегінде мен жаттығу жүйесін жақсартып, дайындығымды үдетіп, айлық жалақымды алып тұрамын. Өзімді жақсы қырымнан танытуға тырысамын», - деді Герасименко ҰОК баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Айта кетелік, Кирилл Герасименко Қазақстан құрамасының үздігі, ел Спартакиадасының төрт дүркін чемпионы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер