Хоккей

Жастар хоккей лигасы плей-оффқа жаңартылған логотипін көрсетті

news-banner7
mobile-news-top

Жастар хоккей лигасы 10-шы рет сарапқа салынатын Харламов кубогының ресми логотипі мен шайбалардың дизайнын көрсетті, деп хабарлайды лиганың ресми сайты.

Логотиптің негізі - Жастар хоккей лигасының эмблемасы. Ол Харламов кубогында орналасқан. Ондағы 10 саны, оныншы маусымның өтіп жатқанын білдіреді.

Трофей қара-алтын түсті. Батыс және шығыс конференцияларынан 8 команда плей-оффта күш сынаспақ. Батыстан СКА-1946, МХК «Динамо СПб», «Алмаз» және «Локо», ал Шығыстан «Мамонты Югры», «Авто», «Толпар» және «Стальные Лисы» қатысады. Астаналық «Снежные Барсы» командасының да плей-оффқа өтуге әлі де мүмкіндігі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер