Сочи - 2014. Бүгін төрт қазақстандық спортшы жарыс жолына шығады
![Сочи - 2014. Бүгін төрт қазақстандық спортшы жарыс жолына шығады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1392706288_651036777.jpg?v=28702344)
Сочи Олимпиадасында бүгін төрт қазақстандық спортшы сайысқа түседі.
Астана уақытымен сағат 15:30-да «Айсберг» қысқы спорт кешенінде қазақстандық Инна Симонова шорт-тректен 1000 метрлік сайыста жүгіреді.
Командалық спринтте финалға шыққан қазақстандық тағы екі шорт-трекші 20 жасар Айдар Бекжанов пен 23 жастағы Нұрберген Жұмағазиев 500 метрге бәсекеде сайысқа түседі.
Сағат 19:00-де «Адлер-Аренада» конькимен жүгіруден 10 мың метрлік қашықтыққа бәсекеде жалғыз спортшымыз Дмитрий Бабенко өнер көрсетеді. Ол германиялық Патрик Беккертпен жұптасып, жарыс жолына төртінші шығады.