русский язык

Сочи-2014. Бүгін конькишілер күні

Сочи-2014. Бүгін конькишілер күні

Бүгін, 12-ші ақпан күні, Сочи Олипмпиадасында конькишілер жарыс жолына шығады.

Әйелдер арасындағы шорт-трек сайысында 1000 метр қашықықта Инна Симонова бәсекеге қатысады. Жерлесіміз мұзайдынға екінші болып шығады. Жарыс Астана уақыты бойынша 15:30-да басталады деп жоспарлғанған.

16:15-те шорт-трек бойынша жігіттер сайысады. 500 метрлік қашықтықта Нұрберген Жұмағазиев жәнеАйдар Бекжанов бақ сынап көрмек. Айдар 5-ші топта өнер көрсетсе. Бекжановпен бірге Джон Или (Ұлыбритания), Джордан Мэлоун (АҚШ), Олимпиада чемпионы Виктор Ан (Ресей) сайысады. Нұрберген 6-ші топта Виктор Кнох (Венгрия), Дацзин У (Қытай), Нильс Керстхольттармен (Голландия) бәсекелеседі.

Тағы бір отандасымыз Дмитрий Бабенко 19:00-де 10 000 метр қашықтықты бағындырмақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;