русский язык
Әлем футболы

«Ғасыр сэйвінің» авторы өмірден озды

news-banner7
mobile-news-top

ç­åæ¯äº«å¹´81å²

Англия құрамасының аңыз қақпашысы Гордон Бэнкс 81 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды prosports.kz.

1966 жылғы әлем чемпионы ұзаққа созылған онкологиялық аурулардан кейін қайтыс болды. Оған бұндай диагноз 2015 жылы қойылған болатын.

Атақты қақпашы Англия ұлттық құрамасы сапында 73 ойынға қатысқан. 1966 жылы командасының әлем чемпионы атануына көмектесті.

Бұдан бөлек, 1970 жылғы әлем чемпионатында атақты Пеленің соққысын қайтарған сәті ел есінде қалды. Мамандар оны "ғасыр сэйві" деп атап кетті.

ç­åæ¯âä¸çºªææâ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;