Теннис

Александр Бублик әлемдік рейтингіде 28 сатыға көтерілді

Александр Бублик әлемдік рейтингіде 28 сатыға көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Венгрия астанасы Будапеште өткен челленджер турнирінде топ жарғаннан соң әлемдік рейтингіде көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандасымыз Будапеште өткен челленджердің ақтық сынында италиялық теннисші Роберто Маркораны 6:0, 6:3 есебімен жеңген. Финалға дейін Бублик канадалық Стивен Диас, ресейлік Павел Котов, хорват Виктор Галович және словакиялық Филип Хоранскиден айласын асырды.

Осы жеңісінен соң Александр Бублик 172 орыннан 144 сатыға көтерілді. Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Недовесов 2 сатыға көтеріліп, 198 орынға жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер