русский язык

Плющенко Сочидегі көрсетілімдік шараға қатыспайды

Плющенко Сочидегі көрсетілімдік шараға қатыспайды
Екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко XXII Қысқы Олимпиада ойындарының көрсетілімдік шарасына денсаулығына байланысты қатыспайтын болды. Бұл туралы спортшының менеджері Ари Закарян мәлімдеді.
 
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Сочиде командалық жарыста «алтын» алды. Кейін жекелей сында бағын сынауға ниет білдірді. Алайда қысқа бағдарлама бойынша жарыс алдындағы жаттығуда жарақат алып, мұзайдынға шығудан бас тартты. Бірнеше минут өткеннен кейін спорттық карьерасын аяқтағанын жариялады.
 
Сонымен қатар, спортшының коммерциялық шоуы да кейінге шегерілді. Бұл шараның аясында атақты мәнерлеп сырғанаушылар - Брайан Жубер, Стефан Ламбьель, Джонни Вейр, Ирина Слуцкая және басқалары Ресей қалаларын аралауды жоспарлаған.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;