русский язык

Шаңғыдан ерлер арасындағы эстафета – Қазақстан 13-ші орында.

Шаңғыдан ерлер арасындағы эстафета –  Қазақстан 13-ші орында.

Ақ олимпиаданың 9-ші күні «Лаура» шаңғы-биатлон стадионында ерлер арасында 4х10 шақырым қашықтықта өткен эстафеталық жарыста шведциялық команда жеңіске жетті. Ал қазақстандықтар үздік ондыққа еніп жарысты тоғызыншы сатыда аяқтады.

Эстафетаның бірінші кезеңінде Қазақстан атынан Денис Волотка шықты. Айта кетерлік жайт, отандасымыз негізгі лек ішінде өзін сенімді ұстап, атақты спортшыларға дес бермеді. Тіпті бірінші айналымның соңында алға суырылып шықты. Бірақ шведциялық спортшы келесі кезеңге ауысарда сытылып шығып, қарсыластарын шаң қаптырып кетті. Шведтер мен финляндиялықтар эстафетаны бірінші аяқтады. Артынша фрацуздар келді. Ал біздің спортшылар 33 секунд айырмамен эстафетаны 9-шы болып. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;