Ауыр атлетика

Ауыр атлеттеріміз Таиландта үш жүлдеге қол жеткізді

news-banner7
mobile-news-top

Таиландтың солтүстігіндегі Шиаңгымай қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан халықаралық ЕГАТ чемпионаты мәресіне жетті. Чемпионаттың бүгінгі соңғы күні қазақстандық ауыр атлеттер үш медальге қол жеткізді.

Ауыр атлетикадан өтіп жатқан халықаралық чемпионаттың бүгін соңғы күні өтті. Аталмыш чемпионат - 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын сарапқа салатын сайыстардың бірі. Чемпионаттың соңғы күні ауыр атлеттеріміз қоржынға екі күміс және бір қола медаль салды.

Rеше 81 келіге дейінгі салмақтағы санатта Қазақстан құрамасының қоржыны алтын медальмен толыққан болатын. Нұрлыбек Сәменов қоссайыс бойынша 333 келі (жұлқи көтеруде 153 келі, серпе көтеруде 180 келі) салмақты көтерді. Сонымен бірге, Нұрлыбек жұлқи көтерудегі жаттығуы үшін кіші алтын медальге және серпе көтерудегі жаттығуы үшін кіші алтын медальге қол жеткізген еді. Ал бүгін ұлттық құрама сапында ел намысын қорғауға барған Әлихан Шайхидинов пен Ибрагим Берсанов күміс медальге ие болса, Селімхан Абубакаров үшінші орыннан көрінді.

109 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ибрагим Берсанов қоссайыс бойынша 372 келіні (жұлқи көтеруде 172, серпе көтеруде 200) көтеріп, екінші орынға ие болды. Ал Қырғызстанның ауыр атлетіне ғана есе жіберген Әлихан Шайхидинов қоссайыста 325 келі (145 - 180) салмақты бағындырып, қоржынға екінші күміс медальді салды. Ал 109 келіден жоғарғы салмақ бойынша өнер көрсеткен Селімхан Абубакаров қоссайыста 370 келі (170 - 200) салмақты бағындырып чемпионаттың қола медалін еншіледі.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер