Қысқы

Павел Колмаков: Бүгінгі аяқ алысым жаман емес

news-banner7
mobile-news-top

Фристайл мен могулдан Дир-Вэллиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық могулшы Павел Колмаков жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады. Жекелей сында үздік 16 спортшының қатарына енген ол параллельді могулда 1/ф финалға дейін сүрінген жоқ. Ол өз спорттық мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатынан жетінші орын иеленді.

«Барлығы көңілімнен шықты. Қар қалың, ауа райы сәт сайын өзгерсе де, барлығы жоғары деңгейде өтті. Кешегі жарыс күнінде жоғарғы трамплиннен жақсы өттім, қате жібергенім жоқ. Алайда, маған ойдағыдай ұпай берген жоқ. Биылғы маусымнан бастап жаңа секіру элементін қосқанмын. Сол элементті қатесіз орындаудың сәті түспей жүр, дегенмен, бұл мен үшін үлкен тәжірибе. Бүгінгі аяқ алысым жаман емес. Бұдан да жақсы нәтиже тіркеуге болар еді. Қате жоқ емес, бар. Десе де, өз көрсеткішіме көңілім толады. Бұған дейін әлем чемпионатында жетілікке енген жоқпын», - деді Колмаков ҰОК баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

9 ақпан күні Павел Колмаков могулдан жекелей сында 16-шы орын алды. Параллельді могулда қазақстандық спортшы ширек финалға жетіп, швециялық Уолтер Уоллбергке есе жіберді. Қорытынды есепте ол 7-ші орын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер