Қысқы

Юлия Галышева параллельді могулдан 4-ші орын иеленді

news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың Парк-Сити қаласындағы әйгілі Дэр-Вилли бөктерінде (АҚШ, Юта) фристайл мен сноубордтан әлем чемпионаты аясында параллельді могулдан әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс нәтижесі бойынша, қазақстандық Юлия Галышева төртінші орын иеленді. Галышева іріктеу кезеңінен сүрінбей, жартылай финалға жетті. Ақтық сынға өту үшін ол Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лаффонға қарсы шыққан болатын. Өкінішке қарай, Галышева Лаффонға есе жіберіп, қола медальға таласу құқығына ие болды.

Алайда, қола медаль да қолдан сусып кетті. Америкалық Тесс Джонсон біздің спортшыны артта қалдырды.

Параллельді могулшылар бәсекесінде Перрин Лаффон алтын иеленсе, күміс пен қола америкалық Джейлин Кауф пен Тесс Джонсонның еншісінде.

Айта кетелік, кеше, 9 ақпан күні, Юлия Галышева алғаш рет могулдан әлем чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер