русский язык
Хоккей

Сочи – 2014. Хоккей. Канада овертаймда Финляндияны жеңді

Сочи – 2014. Хоккей. Канада овертаймда Финляндияны жеңді

Сочи Олимпиадасында хоккейден топтық кезеңнің соңғы кездесуінде Финляндия мен Канада құрамалары кездесті.

Канадалықтар кездесудің басында алға шықты – Дрю Даути әдемі соққымен таблодағы есепті ашты.

Екінші периодтың соңында Финляндиялықтар Туомо Руутудың көмегімен есепті теңестірді.

Негізгі уақыт тең есебімен аяқталды. Дегенмен овертаймда Дрю Даути кездесудегі екінші голын соғып, канадалықтарға жеңіс әперді.

Осылайша, Канада құрамасы В тобында бірінші орынға ие болып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Финляндия – Канада 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 – Даути (Уэбер, Кросби) – 13:44

1:1 – Рууту (Ю. Йокинен, Вяянянен) – 38:00

1:2 – Даути – 62:32

ҚақпашыларРаск – Прайс

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;