Қысқы

Павел Колмаков әлем чемпионатының ширек финалында сүрінді

Павел Колмаков әлем чемпионатының ширек финалында сүрінді
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл мен могулдан Дир-Вэллиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық могулшы Павел Колмаков жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жекелей сында үздік 16 спортшының қатарына енген ол параллельді могулда 1/4 финалға дейін сүрінген жоқ. Ол өз спорттық мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатынан жетінші орын иеленді.

9 ақпан күні Павел Колмаков могулдан жекелей сында 16-шы орын алды. Параллельді могулда қазақстандық спортшы ширек финалға жетіп, швециялық Уолтер Уоллбергке есе жіберді. Қорытынды есепте ол 7-ші орын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер