Сочи – 2014. 16-шы ақпан күніндегі жерлестеріміздің нәтижелері
![Сочи – 2014. 16-шы ақпан күніндегі жерлестеріміздің нәтижелері](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1392581804_249169901.jpg?v=28702698)
Сочи Олимпиадасында 16-шы ақпан күні қазақстандық спортшылар жарыстың үш түрінен – тау шаңғыдан супергигант бәсекесі, ерлер арасындағы эстафета және конькимен жүгіруден сайысқа түсті.
Тау шаңғы жарысынан супергигант бәсекеде Қазақстаннан үш спортшы қатысты. Жерлестеріміздің арасынан ең үздік нәтижені 30-шы орынмен Дмитрий Кошкин көрсетті. Мартин Хубер – 40-шы, Игорь Закурдаев – 44-ші.
Шаңғы тебуден ерлер арасындағы эстафеталық сайыста Денис Волотка, Сергей Черепанов, Евгений Величко және Марко Старостин Қазақстан намысын қорғады. Өкінішке қарай бұл бәсекені Қазақстан құрамасы 13-ші орында аяқтады.
Конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 1500 метрлік қашықтыққа сайыста жалғыз қазақстандық спортшы Екатерина Айдова 2 минут 00,93 секундта өтіп, 28-ші нәтиже көрсетті.