русский язык

Сочи – 2014. Конькимен жүгіру. Айдова – 28-ші

Сочи – 2014. Конькимен жүгіру. Айдова – 28-ші

Сочи Олимпиадасында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 1500 метрлік қашықтыққа сайысты қазақстандық Екатерина Айдова 28-ші орында аяқтады.

Айдова бұл қашықтықты 2 минут 0,93 секундта өтті. Ал жеңіс тұғырына тек Голландия спортшылары көтерілді.

Бүгінгі сайыста Йорин Тер Морс Олимпиада рекордын жаңартып, «алтын» алды. Оның нәтижесі – 1 минут 53,51 секунд. Екінші орында Ирен Вюст (+0.58), үздік  үштікті Лотте Ван Бек (+1.03) түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;