Ауыр атлетика

Нұрлыбек Саменов Таиланда алтыннан алқа тағынды

Нұрлыбек Саменов Таиланда алтыннан алқа тағынды
news-banner7
mobile-news-top

Таиланд елінде өтіп жатқан ауыр атлетикадан халықаралық жарыста қоржынымызға алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

81 келі салмақта сынға түскне Нұрлыбек Саменов серпе көтеруде 153, ал жұлқа көтеруде 180 келі салмақты бағындырып, алтыннан алқа тағынды.

Айта кетейік, баБ Қазақстан намысын бес спортшымыз қорғайды. Атап айтқанда, Ибрагим Берсанов (-109 келі), Нұрлыбек Саменов (-81 келі), Селимхан Абубакаров (+109 келі), Әлихан Шайхидинов (-102 келі) және Лидия Ануфриева (-59 кг).

2020 жылғы олимпиада ойындарының іріктеуі болып саналатын бұл турнирге ұлттық құраманың көшбасшылары бармайды. Мұндай шешімді бапкерлер құрамы қабылдаған. Олар Азия чемпионатына дайындығын жалғастырады. Таи елінде өтетін дүбірлі додада 24 елдің спортшылары бақ сынайды. Жарыс 10 ақпанға дейін жалғаспақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер