Федерация кубогы: Зарина Дияс жеңіп, Қазақстан құрамасын алға шығарды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФедерация кубогы аясында Астана қаласында Қазақстан қыздар құрамасы Қытаймен кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды Proports.kz.
Азия/Океания аймағындағы А және В тобында бірінші орын алған Қазақстан мен Қытай құрамалары ІІ Әлемдік топтың плей-офф жолдамасын сарапқа салуда.
Алғашқы болып кортқа шыққан Зарина Дияс қытайлық теннисші Чжан Сайсайды жеңіп, Қазақстан құрамасын алға шығарды.
1 сағат 37 минутқа жалғасқан кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.
Ендігі кезекте Юлия Путинцева қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі. Одан кейін Анна Данилина/Галина Воскобоева жұбы Сюй Ифань/Ван Яфань жұбына қарсы тұрады.