Теннис

Федерация кубогы: Зарина Дияс жеңіп, Қазақстан құрамасын алға шығарды

news-banner7
mobile-news-top

Федерация кубогы аясында Астана қаласында Қазақстан қыздар құрамасы Қытаймен кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды Proports.kz.

Азия/Океания аймағындағы А және В тобында бірінші орын алған Қазақстан мен Қытай құрамалары ІІ Әлемдік топтың плей-офф жолдамасын сарапқа салуда.

Алғашқы болып кортқа шыққан Зарина Дияс қытайлық теннисші Чжан Сайсайды жеңіп, Қазақстан құрамасын алға шығарды.

1 сағат 37 минутқа жалғасқан кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Ендігі кезекте Юлия Путинцева қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі. Одан кейін Анна Данилина/Галина Воскобоева жұбы Сюй Ифань/Ван Яфань жұбына қарсы тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер