Қысқы

Юлия Галышева алғаш рет әлем чемпионы атанды

Юлия Галышева алғаш рет әлем чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева өз мансабында алғаш рет әлем чемпионатында топ жарды, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз бұл тарихи жеңісіне АҚШ-тың Парк Сити қаласында қол жеткізді.

Юлия бірінші финалда аздаған қателіктер жіберіп, төртінші орынмен суперфиналға (74.48) жолдама алды. Ал ақтық сында қазақстандықтың өнерін төрешілер 79.14 ұпаймен бағалады. Сөйіп, ол Олимпиада чемпионы француз қызы Перрин Лафон (78.70) мен аустралиялық жас шебер Джакар Энтониді (78.99) басып озды.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Сьера-Невадада өткен әлем чемпионатында Галышева күміс медаль алған еді.

Өкінішке орай, ерлер могулындағы біздің жалғыз үмітіміз Павел Колмаков медаль үшін күресуге мүмкіндік ала алмады (47.57 ұапай).

Александр Геберт, Сергей Романов және Аяулым Әміренова біліктілік кезеңінен аса алмады. Ал құраманың жетекші спортшыларының бірі Дмитрий Рейхерд жарақатына байланысты бұл жарысқа қатысқан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер