Теннис

WTA: Наоми Осака қаңтар айының үздігі атанды

news-banner7
mobile-news-top

WTA ресми сайты қаңтарда үздік ойыншыны дауыс беру арқылы анықтады, деп хабарлайды prosports.kz.

Дауыс берудің нәтижесінде Жапония өкілі Наоми Осака жеңімпаз болды. Ол дауыс беру кезінде чехиялық теннисшілер Петра Квитова мен Каролина Плишковадан асып түсті.

21 жастағы Осака өткен айда Австралия ашық чемпионатында топ жарды. Бір қызығы, жарыстың жартылай финалында ол Плишкованы, ал финалда Квитованы жеңді. Әрі ол WTA рейтингісінде өз мансабында алғаш рет көш бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер