Бүгін кімдер жарысады?
![Бүгін кімдер жарысады?](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1392536468_170454308.jpg?v=28702953)
Бүгін Сочи Олимпиадасында қазақстандық спортшылар жарыстың үш түрінен сайысқа түседі.
Сағат 12:00-де тау шаңғы жарысынан үш спортшымыз бағын сынап көрмек. Мартин Хубер, Игорь Закурдаев және Дмитрий Кошкин «қызыл» топтан кейін жарыс жолына шығады. Бұл бәсекені тікелей эфирде Хабар телеарнасы көрсетеді.
16:00-де шаңғы тебуден ерлер арасында 4х10 шақырым қашықтықта эстафеталық жарыс өтеді. Онда Қазақстан атынан - Денис Волотка, Сергей Черепанов, Евгений Величко мен Марк Старостин өнер көрсетеді. «Хабар» арнасы аталған бәсекені тікелей эфирде таратады.
Кейін сағат 20:30-да «Адлер-Арена» мұз айдынында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 1500 метрлік қашықтықта сайыс басталады. Бұл бәсекеде жалғыз спортшымыз Екатерина Айдова сайысқа түседі.