Қысқы

Сергей Дудаков: Тұрсынбаева төрт айналымды сальховты орындауды жоспарлап жүр

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» басталады. Халықаралық коньки спорты федерациясының қолдауымен өтетін додаға Азия, Африка, Америка және Океания спортшылары қатысады. Бұл сында біз Элизабет Тұрсынбаева мен Никита Манькоға жанкүйер боламыз.

Ресейлік маман Этери Тутберидзенің тобында жаттығатын Тұрсынбаеваның бапкері Сергей Дудаков Olympic.kz сайтына арнайы сұхбат беріп, біздің спортшының аяқ алысы жақсарғанын мәлімдеді.

- Мамыр айынан бері Лизамен бірге жұмыс істеп келеміз. Маусымда оның екі жаңа бағдарламасын дайындап, жетілдірдік. Сол аралықта Элизабет Гран-при кезеңдері мен басқа халықаралық турнирге қатысты. Жалпы, көптеген мамандар Тұрсынбаеваның алға басып келе жатқанын айтады. Ресейлік, еуропалық, америкалық бапкерлер де мұны байқаған.

Оның біздің топта жаттыққанына он айдай уақыт болды. Осы аралықта оның біршама элементтерін жетілдірдік деп ойлаймын. Бүгінде біз «Төрт құрлық чемпионатына» қатысу үшін Америкаға келдік. Жаттығу барысында Лиза төрт айналымды сальховты орындады. Яғни, қысқа бағдарлама алдындағы ресми дайындық кезеңінде Тұрсынбаеваның қандай қиын элементті орындағанын барлығы да көрді.

Алайда, оны осы жарыс барысында бағдарламаға қосу-қоспауымыз белгісіз. Ал Универсиада кезінде оны орындайтыны сөзсіз. Біз барлығымыз Лизаның көрсеткіші жақсаруы үшін жұмыс істеудеміз, - дейді Дудаков.

Еске сала кетейік, Сергей Дудаков пен Данил Глейхенгауз танымал маман Этери Тутберидзенің командасындағы білікті бапкерлер. Олар Олимпиада чемпионы Алина Загитова, әлем және Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы Евгения Медведева сынды үздіктерді дайындаған.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер