русский язык

Сочи – 2014. 15-ші ақпан күніндегі жерлестеріміздің нәтижелері

Сочи – 2014. 15-ші ақпан күніндегі жерлестеріміздің нәтижелері

Сочи Олимпиадасында 15-ші ақпан күні қазақстандық спортшылар жарыстың екі түрінен – конькимен жүгіру және шорт-тректен сайысқа түсті.  

«Адлер-Арена» мұз айдынында конькимен жүгіруден ерлер арасындағы 1500 метрлік қашықтыққа сайысында төрт жерлесіміз өнер көрсетті. Денис Кузин жарысты – 9-шы орында аяқтаса, Дмитрий Бабенко – 30-шы, Александр Жигин – 34-ші және Федор Мезенцев – 35-ші.  

Ал «Айсберг» аренада әйелдер арасындағы шорт-трек бәсекесінде жалғыз отандасымыз Инна Симонова іріктеу кезеңнен өте алмады.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;