русский язык

Сочи – 2014. Хоккейден Ресей құрамасы АҚШ-тан ұтылды

Сочи – 2014. Хоккейден Ресей құрамасы АҚШ-тан ұтылды

Хоккейден Ресей құрамасы Сочи Олимпиадасында АҚШ-тан ұтылды. «А» тобындағы екінші матчтың негізгі уақыты тең аяқталды - 2:2.

Бірінші болып Ресейліктер есепті ашты, 29-ы минутта Павел Дацюк мергендігімен көзге түсті. АҚШ ойыншылары жылдам жауап қайтарды. Шайбаны атына жазған  - Кэмерон Фоулер.

Американдықтар Джо Павелскидің арқасында 49-шы минутта алға шықты. Ресей құрамасының капитаны Павел Дацюк тура екі минуттан кейін есепті теңестірді.

Овертаймда гол соғылмады, ал буллит сериясында американдықтарға Ти Джей Ошидің дәл соққымен жеңіс сыйлады.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;