Қысқы

Әжіғалиев әлем кубогі кезеңінде 5-орында келеді

news-banner7
mobile-news-top

8 ақпан күні шорт-тректен әлем кубогінің биылғы маусымдағы соңғы кезеңі өтеді.

Италияның Турин қаласында өтетін сынға Қазақстан командасы да қатысады деп жоспарлануда. Әлем кубогі кезеңдерінде жиған ұпай негізінде наурыз айында Софияда өтетін әлем чемпионатына лицензия таратылмақ.

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың әлем кубогі кезеңдеріндегі көрсеткішін саралап көрді.

Біздің спортшылар арасындағы ең жоғарғы нәтижені әзірге Абзал Әжіғалиев көрсетуде. Ол әлем кубогінің соңғы кезеңі алдында үздік бестікке еніп тұр. Айта кету керек, Абзал төрт рет өткен доданың екеуіне ғана қатыса алды. Калгари мен Алматыда үздіктер қатарына енген ол АҚШ-қа визаның уақытылы дайын болмауына байланысты барған жоқ. Ал Дрездендегі дода қарсаңында тобығын жарақаттап, қатардан шығып қалды. Оның Туриндегі бәсекеге қатысу-қатыспауы әлі белгісіз. Сондай-ақ, спортшыларымыздың эстафетадағы аяқ алысы жаман емес. Әйелдер командасы бесінші, ерлер он бірінші сатыда, ал аралас эстафетада жетінші орындамыз.

500 метр, ерлер

5 орын – Абзал Әжіғалиев

11 орын – Денис Никиша

37 орын – Мерсаид Жақсыбаев

41 орын – Нұрберген Жұмағазиев

98 орын – Әділ Ғалиахметов

103 орын – Евгений Ребик

1000 метр, ерлер

23 орын – Еркебұлан Шамұханов

25 орын – Абзал Әжіғалиев

32 орын – Мерсаид Жақсыбаев

43 орын – Денис Никиша

78 орын – Нұртілек Қажығали

89 орын – Нұрберген Жұмағазиев

97 орын – Евгений Ребик

123 орын – Әділ Ғалиахметов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер