русский язык

Денис Тен: «Бүгінгі медальді — еліме арнаймын»

Денис Тен: «Бүгінгі медальді — еліме арнаймын»

«Бұл карьерамының басы ғана, жеңісті күндер әлі алда». Күні кеше Сочи Олимпиадасының қола медалін жеңіп алған Денис Тен жарыс соңынан осылай деп жар салды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Олимпиада алдында ең ыңғайлы конькилерім сынып қалды. Сондықтан қысқа мерзімде жаңа коньки жасатуға тура келді. Ыңғайсыздық жарыс барысында кедергісін тигізді. Аяғымды қайрып алып уақыт жоғалттым. Сонда да Олимпиада жүлдегері атандым. Бүгін мен үшін — қателік жіберіп алмау маңызды болды. Себебі үнемі төртінші орында қала бердім. Аптығымды басып аспай-саспай бағдарламамды орындадым да біткен соң жаттығу залына тынығуға кеттім. Арасында теледидарға қарап қоям, басқалардың нәтижелерін бақылап. Артынша ұйымдастырушылардың бірі келіп киінуімді сұрап марапаттау рәсіміне шақырды.

Бұл карьерамның басы ғана, жетістіктерімді одан ары жалғастыра бергім келеді. Бүгінгі медальді — еліме арнаймын. Қиындыққа төзіп, кедергілерге мойымай өткеніме қуанамын. Себебі бүгін нағыз айқас болды», - деді Тен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;