Қысқы

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы өмірден озды

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы өмірден озды
news-banner7
mobile-news-top

Шаңғымен трамплиннен секіру бойынша төрт дүркін Олимпиада чемпионы болған фин спортшысы Матти Нюкянен 55-ке қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Финляндияның Iltalehti басылымына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Нюкянен спорттың осы түрінен Финляндияның ең көп жүлде алған спортшысы болды. Олимпиаданың төрт алтынынан тыс, оның қоржынында Әлем чемпионатының бес алтын медалі бар.

Спортшы мансабын аяқтаған соң, ішімдікке салынып, соның салдарынан екі рет түрмеге де түсіп шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер