Қысқы

Әлем чемпионатында із кесушілер жарысы аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Словакияда өтіп жатқан биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында із кесушілер жарысы аяқталды. Қазақстан атынан қатысқан үш спортшы да айтарлықтай жоғары нәтиже тіркеген жоқ деп жазады Olympic.kz.

Биылғы әлемдік додада жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтап, үш мәрте гүл беру рәсіміне қатысқан Владислав Киреев із кесу сынын 12-ші орынмен аяқтады.

2017 және 2016 жылдары Киреевтің жүлдеге жақындай алмағанын ескерсек, оның биылғы көрсеткішін жоғары бағалауға болады.

Никита Акимов 20-шы нәтиже көрсетсе, Кирилл Бауэр ату алаңында төрт рет мүлт кетіп, 33-ші сатыға табан тіреді.

Соңғы жарыс күнінде Полина Егорова, Ксения Долгополова және Арина Шешуковалар сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер