русский язык

Ел қоржынына алғашқы медаль түсті. Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан - 3-ші!

Ел қоржынына алғашқы медаль түсті. Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан - 3-ші!
Сочи Олимпиадасында Айсберг мұз айдынында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан жекелей сайыс аяқталды.
 
Қазақстан құрамасының жетекші спортшысы жерлесіміз Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан қола медальға ие болды.
 
Тағы бір қазақстандық Абзал Рақымғалиев еркін бағдарламада 110 ұпайды жинағанымен 22-ші орында тұрақтады. 
 
Ал Денис Тен еркін бағдарламаны қатесіз орындап , нәтижесінде 171,04 ұпай жинап, қысқа бағдарламада алған 9-шы орнынан 3-ші орынға көтерілді. Сондай-ақ, жапондық спортшы Юдзуру Ханю еркін бағдарламада қателіктер жіберсе де, 178 ұпай жинап бірінші орнын сақтап қалды. Осылайша, он тоғыз жасар жас спортшы Сочи Олимпиадасының алтын жүлдегері атанды. Күміс медальді канадалық Патрик Чан иеленді. 
 
Сочи - 2014. Мәнерлеп сырғанау. 
 
Ерлер. Жекелей сайыс.
 
1. Юдзуру Ханю (Жапония) - 280.09
 
2. Патрик Чан (Канада) - 275.70
 
3. Денис Тен (Қазақстан) - 255.11
 
22. Абзал Рақымғалиев (Қазақстан) - 110.22
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;