Қысқы

Допты хоккейден ӘЧ: Ресей құрамасы жеңімпаз атанды

Допты хоккейден ӘЧ: Ресей құрамасы жеңімпаз атанды
news-banner7
mobile-news-top

Швецияның Венерсборг қаласында допты хоккейден мәреге жеткен әлем чемпионатында Ресей мен Швеция құрамалары финалда кездесті.

Әлемнің ең таңдаулы командалары алтын жүлдені сарапқа салған матч аса тартысты өтті. Кездесу барысында ресейліктер 2:4. 3:5 есебімен ұтылып жатты. Міне, осындай сәттерде Ресей құрамасы шеберлік танытып, екі мәрте бұрыштамадан берілген допты голға айналдыра алды. Сөйтіп бәсеке аяқталуға санаулы минуттар қалғанда, есепті теңестіріп кетті. Қосымша уақытта Алмаз Миргазов жеңіс голын соқты - 6:5. Бұл оның финалдық кездесудегі үшінші добы еді. Осылайша ресейліктер чемпион атанып, шведтер күміс жүлдені қанағат тұтты. Келесі жылы дүниежүзілік дода Ресейдің Иркутск қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтардың қола жүлде үшін бәсекеде финдерге есе жіберіп, төртінші орынға табан тірегенін жазған болатынбыз.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер