Футзал

Шағын футболдан БАҚ арасында турнир өтті

Шағын футболдан БАҚ арасында турнир өтті
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласында журналисттер бас қосып, қаламгерлер арасында аламан жарыс ұйымдастырды.

Шағын футболдан ұйымдастырылған тартысты жарыс «Спутник» стадионында жаңадан бой көтерген су жаңа «Жас Қыран» спорт кешенінде өтті. Осыған орай, турнир «Жас Қыран» кубогі үшін деген атау алды.

Екі топқа бөлінген 8 команда жеңіс үшін жан аямай тамаша ойындарын көрсетті. Турнирдің қола жүлдесін Талдықорғаннан «Жетісу» командасын бастап келген Ришад Тұрғынбаевтың командасы қанжығаларына байлады. Финалда жергілікті «Намыс» пен «Бірлік» командалары кездесіп, «Жас Қыран» кубогын бірінші команда 1:0 есебімен жеңіп алды.

Жарыс соңында үздік ойыншылар турнир ұйымдастырушылары әзірлеген марапаттарға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер