Қысқы

2020 жылы шорт-трек пен конькиден «Төрт құрлық чемпионаты» өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық конькимен жүгіршілер одағы (ISU) шорт-трек пен конькиден «Төрт құрлық чемпионатын» өткізу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды.

Шорт-трек пен конькиден «Төрт құрлық чемпионатын» өткізу туралы бастама 2018 жылы көтерілген болатын.

ISU Кеңесі бұл бастаманы құптап, келесі жылдан бастап турнирді өткізуді қолға алды.

Шорт-тректен тұңғыш «Төрт құрлық чемпионаты» 2020 жылдың 10-12 қаңтары аралығында Канаданың Монреаль қаласында өтеді.

Ал конькимен жүгіруден алғашқы чемпионат 2020 жылдың 31 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында ұйымдастырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер