ММА

UFC басшысы Хабиб пен Конордың мүмкін қарсыластарының есімін атады

UFC басшысы Хабиб пен Конордың мүмкін қарсыластарының есімін атады
news-banner7
mobile-news-top

UFC басшысы Дэйна Уайт Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың мүмкін қарсыластарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

6 қазанда Нурмагомедов Макгрегорды тұншықтыру әдісісмен жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды. Алайда кездесу біте салысымен Нурмагомедов октагонның қоршауынан асып түсіп, қарсылас команданың өкілдерімен төбелесе бастады.

Қаңтар айында Невада штатының атлетикалық комиссиясы Хабибті 9 айға спорттан шеттеген болатын. Ал Конор 6 айға жазаланды.

Уайттың айтуынша, Конор пен Дональд Серроненің кездесуін ұйымдастырмақшы.

«Конор мен Серроне кездескенін қалаймын. Олар бір-бірін талай рет октогонға шақырған болатын. Конор біз ұсынған файтерлердің ешқайсысынан бас тартқан емес, бәрімен жекпе-жек өткізуге дайын. Егер олар келіссе, біз де дайынбыз.

Хабибке келер болсақ, ең алдымен, шектелген уақыты аяқталсын. Менің ойымша, Нурмагомедовтің Тони Фергюсонмен жекпе-жегін ұйымдастыру керек. Егер Конор Серронені, Хабиб Тониды жеңсе, реванш міндетті түрде болады», — деді Уайт ESPN-ге берген сұқбатында.

Түпнұсқасы: Sport24 Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер