русский язык

Сочи - 2014. Биатлон. Савицкий - 20-шы

Сочи - 2014. Биатлон. Савицкий - 20-шы

Сочи Олимпиадасында биатлоннан ерлер арасында 20 шақырымға созылған жекелей сайыс аяқталды.

Бұл бәсекеде қазақстандық спортшы Ян Савицкий 20-шы нәтиже көрсетті. Ал, тағы бір жерлесіміз Антон Пантов 27-ші болып келді, Сергей Наумик пен Александр Трифонов сәтсіз нәтиже көрсетіп 76-шы және 85-ші орында жайғасты.
 
Жарыстың жеңімпазы болып Мартен Фуркад атанды. Германиялық Эрик Лессер жеңімпазға он секунд ұтылып екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштікті ресейлік Евгений Гараничев түйіндеді. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;